«Эко-Жерұйық» ЖШС-ы 2017 ж. cә ...
«Эко-Жерұйық» ЖШС-ы 2006ж. бастап Қазақстан Республикасының территориясында қоршаған ортаны қорғау саласында қызмет ету мақсатымен құрылған. Мекеменің қызметі 03.04.2007 жылы берілген №00940Р ҚР ҚОҚМ-ң мемлекеттік лицензиясына және ИСО SO 9001:2015, ISO 14001:2015, OHSAS 18001:2007 халықаралық стандарт талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР-ң Экологиялық кодекс талаптарына сәйкес қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтер жобалары (атмосфералық ауаға шығарындылар, ағынды сулардың түсірінділері, өндіріс және тұтынудың қалдықтары), өндірістік экологиялық мониторинг бағдарламалары, кәсіпорын үшін әртүрлі экологиялық құжаттаманы даярлау жұмыстар тізімі, «Қоршаған ортаға әсерін бағалау» сияқты жобалық және жобаалды құжаттаманы әзірлеу және басқа да құжаттар өндірістік әрекетті реттеуге рұқсат ететін жұмыстар тізімі кіреді.
Негізгі жетістіктер – 2007 жылдан бері қоршаған ортаны қорғау саласында нарық қызметінде тұрақты жұмыс көрсетуде. «Эко-Жерұйық» ЖШС-нде БҚО, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда облыстарындағы әртүрлі кәсіпорындарға жоғарыда айтылған жұмыстарда тәжірибесі бар жоғары білікті эколог-мамандар жұмыс істейді. Жұмысты сапалы және барынша аз уақытта орындау үшін компания барлық қажетті методикалық және техникалық құралдармен жабдықталған.
Қоршаған ортаны қорғау саласында әртүрлі күрделіліктегі 1000-ден астам жоба жасау жұмыс тәжірибесі бар. Біздің компаниямен дайындалған жобалар Қазақстан Республикасының экологиялық заңнаманың талаптарына сай және белгілінген тәртіп бойынша келісілген.
Біздің міндетіміз – қоршаған ортаны қорғау саласында қай сұрақ туындаса да Сізге оны шешуде кәсіби көмек көрсетуде.